АЛМАТЫ, 20 тамыз – Sputnik. Алматы тауларына саяхаттауға кеткен туристер адасып кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түсу кезінде үш адам адасып кеткен.
"Түні бойы іздеу жүргізіліп, сағат 6:40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бір туристі тапты. Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды", - дейді ведомство.
Құтқарушылар тауға шықпас бұрын, бағытты, сондай-ақ қайту уақытын жақын адамдарға хабарлау керектігін ескертті.