https://sputnik.kz/20230505/soltustik-qazaqstanda-bes-zhasar-bala-orman-alqabynda-adasyp-ketip-taszholga-shyqqan-34589817.html
Солтүстік Қазақстанда бес жасар бала орман алқабында адасып кетіп, тасжолға шыққан
Солтүстік Қазақстанда бес жасар бала орман алқабында адасып кетіп, тасжолға шыққан
Баланы рейд жасап жүрген полиция қызметкері байқап қалған 05.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-05T09:47+0600
2023-05-05T09:47+0600
2023-05-05T09:47+0600
петропавл
орман
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e7/05/05/34589283_0:0:1600:901_1920x0_80_0_0_3fc66802ec6a55a4feca99c654ddea0a.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 5 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицей орман алқабында адасып кеткен бес жасар баланы туыстарына қайтарды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Оқиға Аққайың ауданында болған. 71 жастағы ауыл тұрғыны Петропавлдан келген немересін көлге алып барған.Бала полицейге көлге барғандарын айтып берген, ол көлікпен орман мен көлді айналып жүре бастайды. Көп ұзамай "ВАЗ-2115" көлігін байқаған. Онымен абыржыған ата немересін іздеп жүрген болып шықты."Бала туыстарына аман-есен қайтарылды. Зейнеткермен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді Аққайың аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.Полицейлер кішкентай балаларды мұқият қадағалап, оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/05/34589283_0:0:1600:1201_1920x0_80_0_0_22eb3b11ad1f297638ae77bd9854aa2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
петропавл, орман
Солтүстік Қазақстанда бес жасар бала орман алқабында адасып кетіп, тасжолға шыққан
Баланы рейд жасап жүрген полиция қызметкері байқап қалған
ПЕТРОПАВЛ, 5 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицей орман алқабында адасып кеткен бес жасар баланы туыстарына қайтарды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға Аққайың ауданында болған. 71 жастағы ауыл тұрғыны Петропавлдан келген немересін көлге алып барған.
"Бес жасар бала орман алқабында адасып кетіп, Петропавл-Булаево тасжолына шығып кеткен. Оны табиғатты қорғау полициясының қызметкері Қанат Дүйсембаев байқап қалған. Ол "Уылдырық шашу" акциясы аясында рейд жүргізген", - деді ведомствоның баспасөз қызметкері.
Бала полицейге көлге барғандарын айтып берген, ол көлікпен орман мен көлді айналып жүре бастайды. Көп ұзамай "ВАЗ-2115" көлігін байқаған. Онымен абыржыған ата немересін іздеп жүрген болып шықты.
"Бала туыстарына аман-есен қайтарылды. Зейнеткермен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді Аққайың аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров.
Полицейлер кішкентай балаларды мұқият қадағалап, оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.