Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішін құлатқандарға қатысты тергеу жүріп жатыр

Әлеуметтік желілерде Ленин ескерткішінің жүк тиегішке ілінген бейнежазбасы тарады
Sputnik
АЛМАТЫ, 19 тамыз - Sputnik. Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішін құлатқандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу аясында полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтайды, деп хабарлайды YK-news.kz.
Алтай қаласының орталық алаңында 15 тамыздан бастап қайта құру жұмыстары жүріп жатты. Жобада Ленин ескерткішінің тұғырын жаңарту да қарастырылған. Тұғыр тақталары бөлшектелді. Мердігердің айтуынша, қалпына келтіру кезінде мүсінді зақымдамау үшін алып тастауды ұсынған. Алайда, жұмыс кезінде ескерткіш, оның айтуынша, "өзі құлап қалған".
Ал әлеуметтік желілерде Ленин ескерткішінің жүк тиегішке ілінген бейнежазбасы тарады.
"Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 203-бабының 1-бөлігі "Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алынған объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жаза ретінде үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.
Өңірлер
Абай ма, әлде Ленин бе? - Ақмола облысындағы атышулы ескерткіштің тарихы