https://sputnik.kz/20230819/shygys-qazaqstanda-lenin-eskertkishin-qulatqandarga-qatysty-tergeu-zhurip-zhatyr-37792813.html
Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішін құлатқандарға қатысты тергеу жүріп жатыр
Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішін құлатқандарға қатысты тергеу жүріп жатыр
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желілерде Ленин ескерткішінің жүк тиегішке ілінген бейнежазбасы тарады 19.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-19T14:00+0500
2023-08-19T14:00+0500
2023-08-19T14:00+0500
шығыс қазақстан
ескерткіш
https://sputnik.kz/img/102/26/1022684_0:235:3849:2400_1920x0_80_0_0_19b90185f33a3c600978a3d3a38d24b7.jpg
АЛМАТЫ, 19 тамыз - Sputnik. Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішін құлатқандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу аясында полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтайды, деп хабарлайды YK-news.kz. Алтай қаласының орталық алаңында 15 тамыздан бастап қайта құру жұмыстары жүріп жатты. Жобада Ленин ескерткішінің тұғырын жаңарту да қарастырылған. Тұғыр тақталары бөлшектелді. Мердігердің айтуынша, қалпына келтіру кезінде мүсінді зақымдамау үшін алып тастауды ұсынған. Алайда, жұмыс кезінде ескерткіш, оның айтуынша, "өзі құлап қалған". Ал әлеуметтік желілерде Ленин ескерткішінің жүк тиегішке ілінген бейнежазбасы тарады. "Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 203-бабының 1-бөлігі "Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алынған объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жаза ретінде үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20190924/Abay-ma-Lenin-be-atyshuly-eskertkish-11612910.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/102/26/1022684_169:0:3681:2634_1920x0_80_0_0_c574edb23a9247581f5cc1b00b1f9260.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, ескерткіш
шығыс қазақстан, ескерткіш
Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішін құлатқандарға қатысты тергеу жүріп жатыр
Әлеуметтік желілерде Ленин ескерткішінің жүк тиегішке ілінген бейнежазбасы тарады
АЛМАТЫ, 19 тамыз - Sputnik. Шығыс Қазақстанда Ленин ескерткішін құлатқандарға қатысты тергеу жүріп жатыр. Тергеу аясында полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтайды, деп хабарлайды YK-news.kz.
Алтай қаласының орталық алаңында 15 тамыздан бастап қайта құру жұмыстары жүріп жатты. Жобада Ленин ескерткішінің тұғырын жаңарту да қарастырылған. Тұғыр тақталары бөлшектелді. Мердігердің айтуынша, қалпына келтіру кезінде мүсінді зақымдамау үшін алып тастауды ұсынған. Алайда, жұмыс кезінде ескерткіш, оның айтуынша, "өзі құлап қалған".
Ал әлеуметтік желілерде Ленин ескерткішінің жүк тиегішке ілінген бейнежазбасы тарады.
"Осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 203-бабының 1-бөлігі "Тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе мемлекет қорғауға алынған объектілерді қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жаза ретінде үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.