АЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысында жемқорлардан тәркіленген және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына берілген қаражатқа төрт мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облысында үш ауысымды оқытуды жою, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр.
"Ақтаудағы 19а шағын ауданында 1200 орындық мектеп, 18 шағын ауданда 1200 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы "Алау" тұрғын алабында 1200 орындық мектеп салынады. Осы аудандағы Қызылтөбе ауылдық округінде "Қызылтөбе-2" тұрғын алабында да 1200 орындық мектеп бой көтереді", - дейді Маңғыстау облысының білім басқармасындағылар.
Ведомство ақпаратынша, білім ошақтары 2024 жылы пайдалануға беріледі.