Балқашта жол апатынан тоғыз адам көз жұмды

Бір адама ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 19 тамыз – Sputnik. Балқаш - Приозерск тас жолындағы апатта тоғыз бірдей адам көз жұмды, біреуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ІІМ.
Қайғылы оқиға 19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында болған.
Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктері соқтығысқан.
"Салдарынан 9 адам сол жерде қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар жасалады.
Алматыдағы адам өліміне әкелген жол апаты: автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты