Кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек – Тоқаев

Sputnik
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Азамат Сатыбалды президентке "Қазақфильм" қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильмде" заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті.
"Кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды", - деді ол.
Президент кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру маңызды екенін атап өтті.
Президент кинорежиссер Тимур Бекмамбетовті қабылдады