https://sputnik.kz/20230818/kino-ondirisin-kreativti-industriyanyn-zheke-sektory-retinde-qarastyru-kerek--toqaev-37785831.html
Кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек – Тоқаев
Кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 18.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-18T19:32+0500
2023-08-18T19:32+0500
2023-08-18T19:32+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.Азамат Сатыбалды президентке "Қазақфильм" қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильмде" заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті."Кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды", - деді ол.Президент кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру маңызды екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20230815/prezident-kinorezhisser-timur-bekmambetovti-qabyldady-37685756.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру керек – Тоқаев
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильм" АҚ төрағасы Азамат Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде отандық кинематографияны және жалпы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Азамат Сатыбалды президентке "Қазақфильм" қызметіндегі түйткілді мәселелер туралы баяндап, киностудияның статусын көтеруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақфильмде" заманында отандық кино өнерінің бір шоғыр көрнекті өкілдері еңбек еткенін атап өтті.
"Кәсіби киногерлермен қатар, ұлттық интеллигенция, азаматтық қоғам өкілдерінің, аға буын мен жастардың шығармашылық әлеуетін жұмылдыра отырып, аталған саланың қордаланған проблемаларын кешенді әрі дәйекті түрде шешу маңызды", - деді ол.
Президент кино өндірісін креативті индустрияның жеке секторы ретінде қарастыру маңызды екенін атап өтті.