АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Ресейдің Қорған қаласында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
31 жастағы ер адамға Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-тармағы "Алаяқтық" бойынша айып тағылып отыр.
"Анықталғандай, 2018 жылы қаскөй Астанада бір топ адаммен алдын ала келісіп, тендерге жеткізуші ретінде қатысқан азаматтардың сеніміне кірген. Артынша оларды алдап, тауарларын заңсыз иемденіп кеткен. Алаяқтардың әрекетінен 39 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілді", - дейді полициядағылар.
Тәртіп сақшылары күдіктінің сыбайластары бұрын қамауға алынғанын атап өтті. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, "қамауда ұстау" түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.
Қазіргі таңда Минск конвенциясына сәйкес, Қазақстан азаматын экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.