https://sputnik.kz/20230713/izdeu-qazaqstandyq-germaniya-ekstraditsiya-36766604.html
Үш жыл бұрынғы қылмысы үшін іздеуде болған күдікті Германиядан экстрадицияланды
Үш жыл бұрынғы қылмысы үшін іздеуде болған күдікті Германиядан экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген азамат Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Қазақстанның... 13.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-13T11:28+0500
2023-07-13T11:28+0500
2023-07-13T11:28+0500
қоғам
германия
экстрадицияланды
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_0:147:3071:1874_1920x0_80_0_0_b658c4821d6292d78143b54a352888da.jpg
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген азамат Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Қазақстанның Бас прокуратурасы.Германия үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырған.Ведомство ақпаратынша, күдікті қылмысты 2020 жылы Астанада жасаған, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалаған. Осыдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды."Бүгін Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20230622/esirtki-saudasyn-uyymdastyrdy-degen-kudikti-turkiyadan-qazaqstanga-ekstraditsiyalandy--36233332.html
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/379/75/3797518_238:0:2969:2048_1920x0_80_0_0_2f044b4f385a2c8b9183652af988a69c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
германия, экстрадицияланды
германия, экстрадицияланды
Үш жыл бұрынғы қылмысы үшін іздеуде болған күдікті Германиядан экстрадицияланды
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Аса ірі көлемде есірткі сатқаны үшін халықаралық іздеуде жүрген азамат Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Қазақстанның Бас прокуратурасы.
Германия үкіметі аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген азаматты экстрадициялау туралы Қазақстан Бас прокуратурасының өтінішін қанағаттандырған.
Ведомство ақпаратынша, күдікті қылмысты 2020 жылы Астанада жасаған, содан кейін қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалаған. Осыдан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.
"Бүгін Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Күдікті 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.