Бір жылда 8 ауыл жойылды

Батыс Қазақстан облысында 3, Қарағанды облысында 5 ауыл жойылған, ал Түркістан облысында керісінше 1 ауыл қосылды
Sputnik
АСТАНА, 18 тамыз – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бірліктеріне қатысты деректі жаңартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2023 жылдың 1 шілдесіндегі дерек бойынша:
188 аудан;
89 қала (38 облыстық, 48 аудандық, 3 республикалық маңызы бар қала);
6 286 ауыл;
29 кент;
2 176 ауылдық округ бар.
Республика бойынша қала мен ауданның ең көп саны Ақмола облысында – 11 қала және 17 аудан. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудандар саны 2 бірлікке артқан, бір-бір жаңа аудан Астана және Шымкент қалаларында құрылған.
Ауылды елді мекендердің ең көп саны Түркістан (825), Солтүстік Қазақстан (635) және Ақмола облыстарында (589). Егер бір жыл бұрынғы мәліметпен салыстырсақ, ауылдар саны 7 бірлікке азайған. Батыс Қазақстан облысында 3 бірлікке, Қарағанды облысында 5 бірлікке қысқарған, ал Түркістан облысында керісінше 1 ауыл қосылды.
Суға да, байланысқа да жарымай отыр: Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары шағым айтты