Суға да, байланысқа да жарымай отыр: Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары шағым айтты

© Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Батан ауылы
Қарасай ауданы Батан ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Батан ауылының тұрғындары ауыз су мен ұялы телефон байланысына шағым айтты. Қала іргесіндегі елді-мекеннің жағдайын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
Батан ауылы Жамбыл ауылдық округіне қарасты. Көктем шығып, жер қарая ауылдағы өсімдік тұрмақ, адамның аузы ауызсудан кеберсіп қалады, дейді тұрғындар.
"Ауыз су ала жаздай болмай қалады. Жеке сорғы құралы барлар үйді-үйіне суды сол арқылы жеткізеді. Мысалы менің үйім шағын, мен ол сорғыны 30 мың теңгеге сатып алдым. Сол арқылы тартпасақ, су өздігімен келмейді. Жылда бір насос сатып аламыз. Ал үйлері үлкен тұрғындар одан да қымбатын сатып алады. Сосын жыл сайын жаңадан алуымызға тура келеді, өйткені насос бір жылдан соң іске жарамайды", - дейді Батан ауылының тұрғыны Гүлғайша.
© Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Батан ауылы
Қарасай ауданы Батан ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Қарасай ауданы Батан ауылы
7-8 ай бойы үздіксіз қосылған құрылғы тұрғындардың қалтасын қағады, өйткені электр энергиясына төленетін ақша көбейеді.
"Қыста 3-4 мың электр жарығына төлейтінмін. Ал су тоқтаған кезеңдерге 5 мыңға дейін артық төлейміз", - дейді тұрғындар.
Батандықтардың базынасы бір бұл емес, бұл ауылда интернет тұрмақ байланыс жоқ.
"Қателеспесем міне 5 жылға жуықтады, ұялы телефон байланысы деген өте нашар. Интернетке кіру былай тұрсын, қоңырау соғып, сөйлесе алмаймыз. Әбден мезі етті. Мейлі қай ұялы байланыс болсын бәрі нашар тартады", - дейді ауыл тұрғыны Айгүл Есжанова.
Мәселенің бар екенін ауыл әкімі де жоққа шығармайды.
"Батан ауылында бір су ұңғымасы орналасқан. Қазіргі таңда жаңа құрылыс ауласы көбеюіне байланысты, қосымша ұңғыма орнату үшін жер іздестіріліп жатыр", - дейді Жамбыл ауылдық округінің әкімі Еламан Өмірбаев.
© Айдана ДайыроваҚарасай ауданы Батан ауылы
Қарасай ауданы Батан ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2023
Қарасай ауданы Батан ауылы
Әкімнің айтуынша, батандықтардың басын ауыртқан ұялы телефон байланысы да жуық арада шешіледі.
"Бүгінгі күнге “Мобайл Телеком-Сервис” ЖШС-мен ұялы телефон мұнарасын орнату бойынша келіссөздер жүргізіліп, Батан ауылы Саламатов көшесі мекен-жайында орны белгіленіп, барлық қажетті құжаттары рәсімделді. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен ұялы телефон мұнарасын орнату бойынша құрылыс жұмыстары басталды", - дейді Еламан Өмірбаев.
Жаңалықтар
0