Шахтадағы төтенше жағдай: жоғалғандарды табуға қою түтін кедергі болып тұр

Бес құтқару бөлімшесі жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев та жүр
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында төтенше жағдай кезінде жоғалған 5 жұмысшы әлі табылған жоқ, деп хабарлады облыстық әкімдік.
5 жұмысшыны бес құтқару бөлімшесі іздеп жатыр.
"Бес қызметкер әлі табылған жоқ. Шахтадағы қою түтіннің салдарынан іздеу жұмыстары қиынға соғып жатыр", - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен сегментінің атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.
Қазіргі күні төтенше жағдайды жою жұмыстары жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, 17 тамызда сағат 10:05-те "Қазақстан" шахтасында Д6 көмір көлбеуін өндіруде конвейер таспасы өртенді. Төтенше жағдайға байланысты шахтада жедел штаб құрылды. "КӘАҚҚ" РШМ және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жүр.
Көмір шахтасындағы апат: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр