Көмір шахтасындағы апат: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

© AP Photo / Luca BrunoРука пациента с капельницами в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Рука пациента с капельницами в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
Жазылу
Жалпы 6 адам ауруханаға жатқызылған.
АЛМАТЫ, 17 тамыз - Sputnik. Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында зардап шеккен екі адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Жалпы 6 адам ауруханаға жатқызылған.
"Қазақстан" шахтасында зардап шеккен екі адам Мақажанов клиникасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінің дәрігерлері науқастардың жағдайын тексерді. Шахта газдарымен, оның ішінде ауыр көміртегі тотығымен уланған, уытты бронхит деген диагниз қойылды. Олар жансақтау бөлімшесіне жатқызылды", – деді токсикология бөлімшесінің меңгерушісі, Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы Сәуле Смағұлова.
Зардап шеккен тағы 4 адам Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді. Оларға алғашқы көмек көрсетілді. Алдағы уақытта олар Мақажанов клиникасының токсикологиялық бөлімшесіне ауыстырылады.
Шахтада барлығы 227 адам болған, бес адам әлі жер астынан шығарылмады.
Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртеніп жатқанын хабарлаған едік.
Архивное фото капельницы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2023
"Қазақстан" шахтасындағы өрт: төрт адам ауруханада жатыр
Жаңалықтар
0