Өзбекстандағы 65 баланың өлімі: импорттаушылар шенеуніктерге пара бергені анықталды

Ташкентте өтіп жатқан сотта қаза тапқан балалардың ата-аналары кінәлілерді ауыр жазалауды сұрады
Sputnik
АЛМАТЫ, 17 тамыз – Sputnik. Өзбекстанда 65 баланың өліміне әкелген үндінің жөтелге қарсы препаратын импорттаушылар жергілікті шенеуніктерге міндетті тестілеуден бас тартқаны үшін 33 мың доллар пара берген, деп хабарлады сәрсенбіде сот отырысында прокурорлар.
Sputnik LIVE хабарлағандай, Өзбекстанда ЖРВИ препаратын қабылдағаннан кейін 65 баланың қайтыс болуына байланысты сот өтіп жатыр.
21 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, оның 5-і әйел. Олардың қатарында Үндістанның Quramax бас директоры Сингх Рагвендра Пратар, Өзбекстан фармацевтика саласын дамыту агенттігінің бұрынғы директоры Сардор Кариев те бар. Айыпталушылардың жетеуі өз кінәсін мойындады.
Marion Biotech дәрі-дәрмектерін Quramax Medikal Сингапурда тіркелген екі фирма арқылы жоғары бағамен жеткізген. Сараптама "Doc-1 Max" жөтел шәрбатында улы этиленгликольдің болғанын анықтады.
Сот залында қайтыс болған балалардың, сондай-ақ дәрі қабылдағаннан кейін мүгедек болып қалған балалардың ата-аналары да болды. Олар кінәлілерге ең жоғары жазаны талап етті.
Сот сотталушылар мен адвокаттардың бет-әлпетін көрсетпеу үшін залдан хабар таратуға тыйым салу туралы қорғаушының өтінішін қанағаттандырды.
Келесі отырыс 18 тамызда өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың соңында Өзбекстанда Marion Biotech шығарған "ДОК-1 Макс" сиропының салдарынан балалар қайтыс болды. Зертханалық зерттеулер препараттың стандарттарға сәйкес келмейтінін және оның құрамында улы зат – этиленгликоль бар екенін көрсетті.
Іс бойынша тергеу Өзбекстанда да, Үндістанда да жүріп жатыр. Қылмыстық іс бойынша сот 11 тамызда басталды.