Елорда тынысы

Астаналықтар үй жануарларын тегін чиптеп, тіркей алады

Астаналықтар үй жануарларын жаздың соңына дейін "Астана ветсервисте" бойынша тегін чиптей алады
Sputnik
АСТАНА, 17 тамыз - Sputnik. Астана тұрғындары 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін иттері мен мысықтарын тегін чиптеп, үй жануарларын tanba жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесінде тіркей алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
Астаналықтар үй жануарларын жаздың соңына дейін "Астана ветсервисте" бойынша тегін чиптей алады.
Орталық мекенжайы: Сарыарқа ауданы, С.Мұқанов көшесі, 2/1 (Арнайы ХҚО).
Байланыс нөмірлері: +7 (747) 623 53 57, +7 (747) 672-85-27.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас: 13:00-14:00), сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін.
"Иттер мен мысықтарды тіркеу кезек тәртібімен өтеді. Тіркеу рәсімі үшін жануармен бірге келу, сондай-ақ өзімен бірге мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон болуы қажет", - деп атап өтті әкімдік.
Сонымен қатар, Астана тұрғындары өз үй жануарларын ақылы негізде елорданың бірнеше ветеринарлық клиникасында тіркей алады.
Үй жануарларын тіркеу: заңның негізгі талаптары қандай