АСТАНА, 16 тамыз-Sputnik. "ҚазМұнайГаз" бен Ресейлік "Лукойл" компаниясы Kalamkas-Khazar Operating ЖШС үлесінің 50%-ін сату бойынша корпоративтік ресімдеудің соңғы кезеңіне жетті, деп мәлімдеді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.
"Тараптар арасында қандай да бір даулы жайттардың жоқтығын атап өткім келеді. Жобаны іске асыру кезеңінде біздің өзара іс-қимылымыз да жемісті болатынына сенімдімін", - деп атап өтті "Лукойл" өкілдерімен кездесуде Мағзұм Мырзағалиев.
Бұған дейін "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) және ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясы "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жер қойнауы учаскесін игеру жобасы бойынша бірқатар келісімдер жасасқаны туралы хабарланған болатын.
Тараптар "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС жарғылық капиталына қатысудың 50%-тік үлесін сатып алу-сату шартына және оператор қызметіне қатысушылардың қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойды.
Kalamkas-Khazar Operating , яғни "Қаламқас-теңіз" және "Хазар" биылғы жылы Каспий теңізінің қайраңында көмірсутектердің ірі кен орындарын игеру үшін арнайы құрылған. Онда өндірісті 2028 жылы бастау жоспарланып жатыр.
Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындары Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан.
"Лукойл" - Ресейдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі, Ресей Федерациясындағы мұнай өндіру көлемі бойынша екінші орында