https://sputnik.kz/20230209/qazmunaygaz-lukoyl-kaspiydegi-uchaskeni-igeru-kelisim-31951773.html
"ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" Каспийдегі учаскені игеру бойынша бірқатар келісімге қол қойды
"ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" Каспийдегі учаскені игеру бойынша бірқатар келісімге қол қойды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 ақпан- Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен ресейлік "Лукойл" Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жер... 09.02.2023, Sputnik Қазақстан
2023-02-09T18:57+0500
2023-02-09T18:57+0500
2023-02-09T18:57+0500
экономика
қазмұнайгаз
каспий
келісім
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25658538_0:20:1732:994_1920x0_80_0_0_eed96e9bebf302821cbfce76bbde209b.jpg
АСТАНА, 9 ақпан- Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен ресейлік "Лукойл" Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жер қойнауы учаскесін игеру жобасы бойынша бірқатар келісімге қол қойды. Бұл туралы бейсенбіде "Қазмұнайгаздың" баспасөз қызметі хабарлады. "9 ақпанда Астанада "ҚазМұнайГаз" ҰК және "Лукойл" Каспий теңізінің қазақстандық секторында "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жер қойнауы учаскесін игеру жобасы бойынша бірқатар келісім жасасты. Тараптар "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС жарғылық капиталындағы 50% үлес салмағын сатып алу - сату шартына және оператор қызметіне қатысушылардың қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойды", - деп нақтылады ҚМГ. Құжаттар жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесін әзірлеу жөніндегі бірлескен қызмет шеңберінде құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Осылайша, "Лукойл" Каспий қайраңындағы жер қойнауының осы учаскесін игеруде "ҚазМұнайГаздың" стратегиялық серіктесі болды, деп толықтырды ҚМГ баспасөз қызметі. Келісімдер ҚМГ мен "Лукойл" арасындағы сатып алу - сату мәмілесі аяқталғаннан кейін күшіне енеді. 6 ақпанда Каспийдегі көмірсутектерді өндіруге "Лукойл" және ҚМГ бірлескен жобасы бойынша алғашқы тиімді келісімшарт жасалғаны хабарланған болатын. Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындары Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25658538_195:0:1732:1153_1920x0_80_0_0_d32a3da97993ea35ea470ee573b9e825.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, каспий, келісім
қазмұнайгаз, каспий, келісім
"ҚазМұнайГаз" бен "Лукойл" Каспийдегі учаскені игеру бойынша бірқатар келісімге қол қойды
АСТАНА, 9 ақпан- Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мен ресейлік "Лукойл" Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жер қойнауы учаскесін игеру жобасы бойынша бірқатар келісімге қол қойды. Бұл туралы бейсенбіде "Қазмұнайгаздың" баспасөз қызметі хабарлады.
"9 ақпанда Астанада "ҚазМұнайГаз" ҰК және "Лукойл" Каспий теңізінің қазақстандық секторында "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" жер қойнауы учаскесін игеру жобасы бойынша бірқатар келісім жасасты. Тараптар "Kalamkas-Khazar Operating" ЖШС жарғылық капиталындағы 50% үлес салмағын сатып алу - сату шартына және оператор қызметіне қатысушылардың қаржыландыру шарттары туралы келісімге қол қойды", - деп нақтылады ҚМГ.
Құжаттар жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауы учаскесін әзірлеу жөніндегі бірлескен қызмет шеңберінде құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Осылайша, "Лукойл" Каспий қайраңындағы жер қойнауының осы учаскесін игеруде "ҚазМұнайГаздың" стратегиялық серіктесі болды, деп толықтырды ҚМГ баспасөз қызметі.
Келісімдер ҚМГ мен "Лукойл" арасындағы сатып алу - сату мәмілесі аяқталғаннан кейін күшіне енеді.
6 ақпанда Каспийдегі көмірсутектерді өндіруге "Лукойл" және ҚМГ бірлескен жобасы бойынша алғашқы тиімді келісімшарт жасалғаны хабарланған болатын.
Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов кен орындары Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан.