Тоқаев Үндістанның премьер-министрін елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.
Тоқаев Пәкістанның премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады