Тоқаев Үндістанның премьер-министрін елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНарендра Моди
Нарендра Моди - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.08.2023
Жазылу
Президент екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай елдің премьер-министрі Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдап, ізгі тілектерін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Президент Қазақстан мен Үндістанды ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестік қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, екі елдің мүддесі үшін көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін айтты.
 Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2023
Тоқаев Пәкістанның премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Жаңалықтар
0