АЛМАТЫ, 15 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласының әкімдігі 87 млн теңгеге 5 әжетхана сатып алған, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Бірақ бір-де бір әжетхана жұмыс істемейді.
"Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыстың нақты орындалмағанына қарамастан, шартқа қол қойылғаннан кейін 2 күн өткен соң жеткізушіге 87 млн теңге көлемінде толық соманы аударған", - дейді ведомство.
Модульдік әжетханаларды орнату бойынша орындалған жұмыстар актілерінде сәйкессіздіктер анықталған.
Аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша заң бұзушылықтар расталған жағдайда, шара қабылданады, дейді антикор.