Шығыс Қазақстан облысында 4 әкімдік қызметкеріне айыппұл салынды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель, архивтегі фото
Портфель, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2023
Жазылу
Өткен жылы 20-дан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай, Самар, Шемонаиха аудандарының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Айыппұлдардың жалпы сомасы 1 млн теңгеден асты, деп хабарлады Altaynews.kz .
"2023 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 680-бабы бойынша аудандар әкімдіктерінің дербес бөлімдерінің төрт басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы - 1 035 000 теңге", - деп хабарлады ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Өткен жылы 20-дан астам мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 14-і кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны үшін жазаланды. Жалпы, олардан 6 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.
Сондай-ақ үш мемлекеттік қызметшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 676-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі). Мемлекет кірісіне 918 900 теңге өндірілді.
ШҚО қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің тағы алты басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша айыппұл салынды (іс жүзінде адамды лауазымға тағайындау, активтер мен міндеттемелер туралы декларациясыз). Өткен жылы айыппұлдардың жалпы сомасы 7,84 млн теңге болды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2023
Қоғам
Ұлытау облысында 9 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0