АСТАНА, 14 тамыз - Sputnik. Ресей Астана, Ташкент және Мәскеу арасында газ саласындағы үшжақты ынтымақтастықты қалыптастыру бастамасын көтерген борлатын. Қазақстанға ресейлік және өзбек тараптарынан бұл ынтымақтастық бойынша ресми ұсыныстар түскен жоқ, деп мәлімдеді энергетика министрлінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.
"2022 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы арасындағы газ саласындағы үшжақты ынтымақтастықты қалыптастыру бастамасын Ресей Федерациясы жариялады. Бұл ретте ресейлік және өзбек тараптарынан бұл ынтымақтастық бойынша ресми ұсыныстар түскен жоқ", - деп хабарлады Ілиясов.
Ресеймен және Өзбекстанмен газ саласындағы ынтымақтастық екіжақты форматта өзара тиімді серіктестік негізінде жүзеге асырылады.
"Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің ресейлік газды Өзбекстан Республикасы бағытында транзиттеу үшін еркін қуаттары бар екенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Газпром" жария акционерлік қоғам арасында ресейлік газды Өзбекстан Республикасына тасымалдау мақсатында "Орталық Азия – Орталық" магистральдық газ құбырын дайындау бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылды", - делінген Ілиясовтың мәлімдемесінде.
Осылайша, бүгінде Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау үшін "Орталық Азия – Орталық" магистральдық газ құбырының қазақстандық бөлігін техникалық дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 2023 жылдың 1 қазанына дейін аяқталады деп жоспарланған.