https://sputnik.kz/20230525/gaz-odagy-qazaqstan-resey-zhane-ozbekstan-zhobanyn-tiimdiligin-naqtylaydy--35255098.html
"Газ одағы": Қазақстан, Ресей және Өзбекстан жобаның тиімділігін нақтылайды
"Газ одағы": Қазақстан, Ресей және Өзбекстан жобаның тиімділігін нақтылайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 мамыр - Sputnik. Үш мемлекеттің сарапшылары "үшжақты газ одағы" жобасының тиімділігін пысықтап жатыр, деп мәлімдеді РИА Новостиге берген сұхбатында... 25.05.2023, Sputnik Қазақстан
2023-05-25T15:32+0500
2023-05-25T15:32+0500
2023-05-25T15:32+0500
газ
қазақстан
өзбекстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/19/29730824_0:772:2266:2047_1920x0_80_0_0_a078cfc4f45f8ee704bd49c2cf925389.jpg
АСТАНА, 25 мамыр - Sputnik. Үш мемлекеттің сарапшылары "үшжақты газ одағы" жобасының тиімділігін пысықтап жатыр, деп мәлімдеді РИА Новостиге берген сұхбатында Ресей СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин. Оның айтуынша, жобаның жұмысы Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің әрқайсысы үшін тиімді болып қана қоймай, Орталық Азиядағы энергетикалық тұрақтылықты нығайтады. "Көгілдір отынның тұрақты және ұзақ мерзімді жеткізілсе Орталық Азияның энергетикалық қауіпсіздігі мен дамуына оң ықпал етеді. Газ саласындағы үшжақты өзара іс - қимылды арттырсақ жақсы перспективалар болатынын көріп отырмыз", - деп атап өтті Галузин. Өткен жылдың қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуінен кейін "үшжақты газ одағы" идеясы туралы алғаш рет айтылған болатын. Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы Ресей газын тасымалдауда іс-қимылдарды үйлестіру үшін Қазақстан мен Ресей президенттері Өзбекстанмен бірлесіп, "үшжақты газ одағы" жобасын іске асыруды талқылады.
қазақстан
өзбекстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/19/29730824_0:11:2669:2012_1920x0_80_0_0_edd60f3280189530b59323834be77cdd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, қазақстан, өзбекстан, ресей
газ, қазақстан, өзбекстан, ресей
"Газ одағы": Қазақстан, Ресей және Өзбекстан жобаның тиімділігін нақтылайды
АСТАНА, 25 мамыр - Sputnik. Үш мемлекеттің сарапшылары "үшжақты газ одағы" жобасының тиімділігін пысықтап жатыр, деп мәлімдеді РИА Новостиге берген сұхбатында Ресей СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин.
"Қазіргі уақытта бұл жобаның параметрлеріне сараптама жасалып, пысықталып жатыр. Серіктестердің нақты қажеттіліктері мен алдағы капитал салымдарының көлемін нақтылау қажет", - деді дипломат.
Оның айтуынша, жобаның жұмысы Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің әрқайсысы үшін тиімді болып қана қоймай, Орталық Азиядағы энергетикалық тұрақтылықты нығайтады.
"Көгілдір отынның тұрақты және ұзақ мерзімді жеткізілсе Орталық Азияның энергетикалық қауіпсіздігі мен дамуына оң ықпал етеді. Газ саласындағы үшжақты өзара іс - қимылды арттырсақ жақсы перспективалар болатынын көріп отырмыз", - деп атап өтті Галузин.
Өткен жылдың қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуінен кейін "үшжақты газ одағы" идеясы туралы алғаш рет айтылған болатын. Қазақстан мен Өзбекстан аумағы арқылы Ресей газын тасымалдауда іс-қимылдарды үйлестіру үшін Қазақстан мен Ресей президенттері Өзбекстанмен бірлесіп, "үшжақты газ одағы" жобасын іске асыруды талқылады.