АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында нөсержауыннан зардап шеккен екі ауылдың тұрғындары мектепке орналастырылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жетісу облысында су басқан ауылдардың тұрғындары мектепке орналастырылды
© Photo : Пресс-служба акима Жетысуской области
Ескелді ауданының Ешкіөлмес жәнеАбай ауылдарындағы төтенше жағдайға байланысты аулаларын су басқан 19 адам Жедел штабтың шешімімен Қарабұлақ ауылындағы Шестаков атындағы мектепке орналастырылды. Оның 10-ы ересек адам, 9-ы бала. Оларға сол жерден ыстық тамақ, жатын орын ұйымдастырылады.
"Ескелді ауданының әкімдігі Төтенше жағдай департаментімен бірге нөсер жауынның салдарын жоюға бар күш пен техниканы жұмылдырыпжатыр. Сонымен қатар арық жүйелерін тазарту мен аулаларды батпақтан тазарту жұмыстарына Ұлттық гвардияның 5514 әскери бөлімі, ҚР ҚМ 18386 әскери бөлімі тартылды", - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер үйлерді тонап кетпеуүшін кезекшілік жасап жатыр.
Ескелді аудандық әкімдігі келтірілген шығынды есептеу үшін арнайы коммисия құрды, комиссия шығынды анықтау үшін елді мекендердің аулаларын аралауда. Су басқан тұрғын үйлердің жай-күйін зерделеудің нәтижесінде төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қаржы бөлу мәселесі қарастырылады.
Электр желілері тексеріліп, елді мекендерді электр жүйесіне қосу жұмыстары атқарылады.