Ресейлік спортшы Қазақстан атынан жарысқа қатысуға ресми рұқсат алды

Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз – Sputnik. Ресейлік жүзуші София Сподаренконың Қазақстан құрамасына ауысқанын World Aquatics растады. Бұл туралы "Матч ТВ" телеарнасы хабарлады.
Бұған дейін Бүкілресейлік жүзу федерациясының президенті Владимир Сальников спортшының ауысу рәсімі келісілгенін айтқан.
Белгілі болғандай, спортшы халықаралық федерацияның келісімінің арқасында 11 тамыздан бастап Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсетеді. Сподаренко Қазақстанда туған. Осылайша ол азаматтықты қалпына келтіру арқылы қайта алды.
София Сподаренко 2018 жылы 50 метр қашықтықты баттерфляй әдісі бойынша жүзуден Ресей чемпионы атанды. Ол 2019 жылы Неапольде (Италия) өткен жазғы Универсиадада Ресей құрамасы сапында соңғы рет жарысқа түсті.
Қоғам
Қазақстандық спортшы ММА жарысындағы жеңісін Тоқаевқа арнады - видео