Қоғам

Қазақстандық спортшы ММА жарысындағы жеңісін Тоқаевқа арнады - видео

© Sputnik / Дархан МусинЧемпионат РК по ММА
Чемпионат РК по ММА  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Қазбек Сағын ММА бойынша халықаралық турнирдегі жеңістерін Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбедегі "Қоныс" спорт сарайында Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең мықты промоушен Naiza 48 аралас жекпе-жектен халықаралық турнирі өтті.
Кештің басты жекпе-жегінде Naiza лигасының белбеуі үшін 53 келіге дейінгі ең жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы, қоян-қолтық жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Қазбек Сағын және британдық файтер Джон Шинк кездесті. Ерекше әсерлі жекпе-жектің қорытындысы бойынша DAR Team кәсіби клубының жауынгері Қазбек Сағын чемпиондық белбеу иегері атанды.
Naiza-дағы өзінің тарихи жеңісін ол мемлекет басшысына арнады.
"Бүгінгі жеңісімді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, әскери міндеттін орындап келген азамат ретінде еліміздің бас қолбасшысына арнаймын", - деді Қазбек Сағын.
Жаңалықтар
0