АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласындағы №9 мектеп-лицейдің 8 "б" сыныбы оқушысы Арман Максимов каналдағы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
1 тамызда сағат 16.50-де құтқарушылардың пультіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ техникалық арнасында бала суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен ТЖБ жедел тобы шықты. Бірақ құтқарушылар оқиға орнына келгенге дейін суға батып бара жатқан баланы өтіп бара жатқан сегізінші сынып оқушысы құтқарды.
Арман Максимов №9 мектеп-лицейдің 8 "б" сыныбында оқиды. 1 тамызда ол достарымен бірге пикникке бару үшін құмды өрімге бет алған.
"Біз көлге сирек барамыз, жақсы жүзбейміз. Жағажайдан гөрі өрімге барамыз. Себебі жағажайда адамдар көп, өрімде аз, сондықтан біз сол жерге пикник жасауға бардық. Арна бойымен жүрдік, мен біртүрлі дыбыстарды естідім, маған екі бейтаныс бала жүгіріп келіп: "Тоқта, тоқта! Сіз жүзе аласыз ба? Ана жерде бала суға батып жатыр деді", - деп еске алады Арман.
Суға батып бара жатқан баланы көрген Арман ойланбастан бірден канал арқылы өтетін құбырдан суға секірген.