https://sputnik.kz/20230811/qaragandy-oblysynda-zhasospirim-suga-batyp-bara-zhatqan-balany-qutqardy-37609795.html
Қарағанды облысында жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарды
Қарағанды облысында жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласындағы №9 мектеп-лицейдің 8 "б" сыныбы оқушысы Арман Максимов каналдағы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды... 11.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-11T19:48+0500
2023-08-11T19:48+0500
2023-08-11T19:48+0500
қарағанды облысы
суға батты
құтқару
https://sputnik.kz/img/1443/78/14437816_0:0:1033:581_1920x0_80_0_0_0f623f359b23dca6cfbbf1304d080246.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласындағы №9 мектеп-лицейдің 8 "б" сыныбы оқушысы Арман Максимов каналдағы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.1 тамызда сағат 16.50-де құтқарушылардың пультіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ техникалық арнасында бала суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен ТЖБ жедел тобы шықты. Бірақ құтқарушылар оқиға орнына келгенге дейін суға батып бара жатқан баланы өтіп бара жатқан сегізінші сынып оқушысы құтқарды.Арман Максимов №9 мектеп-лицейдің 8 "б" сыныбында оқиды. 1 тамызда ол достарымен бірге пикникке бару үшін құмды өрімге бет алған."Біз көлге сирек барамыз, жақсы жүзбейміз. Жағажайдан гөрі өрімге барамыз. Себебі жағажайда адамдар көп, өрімде аз, сондықтан біз сол жерге пикник жасауға бардық. Арна бойымен жүрдік, мен біртүрлі дыбыстарды естідім, маған екі бейтаныс бала жүгіріп келіп: "Тоқта, тоқта! Сіз жүзе аласыз ба? Ана жерде бала суға батып жатыр деді", - деп еске алады Арман.Суға батып бара жатқан баланы көрген Арман ойланбастан бірден канал арқылы өтетін құбырдан суға секірген.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1443/78/14437816_128:0:903:581_1920x0_80_0_0_68f50a39a8a1c544f15bb921eafa73df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, суға батты, құтқару
қарағанды облысы, суға батты, құтқару
Қарағанды облысында жасөспірім суға батып бара жатқан баланы құтқарды
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласындағы №9 мектеп-лицейдің 8 "б" сыныбы оқушысы Арман Максимов каналдағы суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
1 тамызда сағат 16.50-де құтқарушылардың пультіне "АрселорМиттал Теміртау" АҚ техникалық арнасында бала суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар мен ТЖБ жедел тобы шықты. Бірақ құтқарушылар оқиға орнына келгенге дейін суға батып бара жатқан баланы өтіп бара жатқан сегізінші сынып оқушысы құтқарды.
Арман Максимов №9 мектеп-лицейдің 8 "б" сыныбында оқиды. 1 тамызда ол достарымен бірге пикникке бару үшін құмды өрімге бет алған.
"Біз көлге сирек барамыз, жақсы жүзбейміз. Жағажайдан гөрі өрімге барамыз. Себебі жағажайда адамдар көп, өрімде аз, сондықтан біз сол жерге пикник жасауға бардық. Арна бойымен жүрдік, мен біртүрлі дыбыстарды естідім, маған екі бейтаныс бала жүгіріп келіп: "Тоқта, тоқта! Сіз жүзе аласыз ба? Ана жерде бала суға батып жатыр деді", - деп еске алады Арман.
Суға батып бара жатқан баланы көрген Арман ойланбастан бірден канал арқылы өтетін құбырдан суға секірген.