Қапшағайда 21 жастағы қыз суға батып кетті

Sputnik
АСТАНА, 10 тамыз– Sputnik. Алматыоблысында 2002 жылы туған қыз суға түсу үшін белгіленбеген жерде түнде шомылып суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар депаратменті.
Аталған оқиға Қапшағай су қоймасында болды. Жастар суға түсу үшін белгіленбеген жерде, "Пионер" демалыс аймағының маңындағы тоғанның жанында демалып жатқан.
Олар алкогольдік мас күйде суға түсуге бел буған. Өз күшін есептей алмаған бойжеткен тереңге дейін жүзіп, суға батып кеткен.
Бұл су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болуы мүмкін. Қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Шымкентте екі сәби таяз суға батып кетті – құтқарушылар ескерту жасады