https://sputnik.kz/20230808/shymkentte-eki-sabi-tayaz-suga-batyp-ketti--qutqarushylar-eskertu-zhasady-37359653.html
Шымкентте екі сәби таяз суға батып кетті – құтқарушылар ескерту жасады
Шымкентте екі сәби таяз суға батып кетті – құтқарушылар ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті халыққа ескерту жасады. Екі күннің ішінде екі бала тереңдігі жарты метрден аспайтын... 08.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-08T15:23+0500
2023-08-08T15:23+0500
2023-08-08T15:23+0500
шымкент
https://sputnik.kz/img/626/87/6268770_0:103:1920:1183_1920x0_80_0_0_3d86d63db71de4587cca9eece312d17c.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті халыққа ескерту жасады. Екі күннің ішінде екі бала тереңдігі жарты метрден аспайтын суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жазатайым оқиғаның бірі 5 тамыз күні Геологтар саяжайында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған екі жасар бала суару каналына батып кеткен. Каналдың тереңдігі – 50 см, ал ені – 1,5 метр. Баланың мәйітін туысы шығарып алды.7 тамызда Абай ауданында өтіп бара жатқан адамдар Алматы тасжолы бойындағы қалалық тазарту жүйесінде 2022 жылы туған қыздың мәйітін тапты. Ол белгісіз жағдайда науаға түсіп, суға батып кетті. Тазарту жүйесінің тереңдігі – 40 см, ені – 1 метр. Ол бала да ата-анасының қарауынсыз қалған.Жыл басынан бері қалада жеке үйлерде орнатылған қаңқалы бассейндерде, суару каналдарында, субұрқақтарда 7 жазатайым оқиға болды. Барлық жағдайда балалар ата-анасының қарауынсыз қалған.
https://sputnik.kz/20230722/aqtobe-oblysynda-ush-zhasospirim-qyz-suga-batyp-ketti-36932073.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/626/87/6268770_104:0:1817:1285_1920x0_80_0_0_a40c681df79771ccd0e8fd6763507197.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
Шымкентте екі сәби таяз суға батып кетті – құтқарушылар ескерту жасады
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті халыққа ескерту жасады. Екі күннің ішінде екі бала тереңдігі жарты метрден аспайтын суға батып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Жазатайым оқиғаның бірі 5 тамыз күні Геологтар саяжайында болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған екі жасар бала суару каналына батып кеткен. Каналдың тереңдігі – 50 см, ал ені – 1,5 метр. Баланың мәйітін туысы шығарып алды.
7 тамызда Абай ауданында өтіп бара жатқан адамдар Алматы тасжолы бойындағы қалалық тазарту жүйесінде 2022 жылы туған қыздың мәйітін тапты. Ол белгісіз жағдайда науаға түсіп, суға батып кетті. Тазарту жүйесінің тереңдігі – 40 см, ені – 1 метр. Ол бала да ата-анасының қарауынсыз қалған.
"Тұрақты түрде жүргізіліп жатқан рейдтерге, бұқаралық ақпарат құралдарындағы (теледидар, баспасөз) ескертулерге қарамастан екі жазатайым оқиға тіркелді. Ата-аналар, балаларға абай болыңыздар", - дейді құтқарушылар.
Жыл басынан бері қалада жеке үйлерде орнатылған қаңқалы бассейндерде, суару каналдарында, субұрқақтарда 7 жазатайым оқиға болды. Барлық жағдайда балалар ата-анасының қарауынсыз қалған.