Екібастұздағы апаттың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру қажет – әкімдік

Sputnik
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Екібастұздағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлады Ақорда.
Бірінші жоба – Екібастұз ЖЭО-ға техникалық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін магистральдық құбырдың құрылысы.
Екіншісі – жаңа жылу магистралінің құрылысы. Бұл қаланың төрт шағын ауданындағы жылу жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз етіп, 9 мыңнан астам қала тұрғынын жылумен қамтамасыз ету параметрлерін айтарлықтай жақсартады.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет келесі жылдан бастап аталмыш жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтап жатқанын жеткізді.
"Шыдамның да шегі бар": Тоқаев Екібастұздағы жылу электр орталығына барды