АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Теміржол саласындағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады. Оларды бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы мәміле сот тарапынан жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Үкіметте өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол инфрақұрылымының бірқатар нысанын мемлекет меншігіне қайтару барысы туралы баяндалды. сеніп Тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталғаны атап өтілді. Қылмыстық іс аясында тергеу органдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін "Қазақстан темір жолы" басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды.
Премьер-министр республиканың басқа өңірінде ұқсас нысандар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырып, тиісті кәсіпорындар қызметкерлерінің барлық технологиялық процесі мен қызметін сақтаудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар отырыста денсаулық сақтау саласындағы ұйымды республика меншігіне қайтару мәселесі қаралды.
Алдын ала мәліметтер бойынша активті басқаруды өз мойнына алған жекеменшік компания ұзақ уақыт бойы өз функцияларын орындамай келген және келісілген инвестициялық бағдарламаның шарттарын бұзған.
Ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның нәтижелері бойынша шартты бұзудың және активті мемлекет меншігіне қайтарудың дұрыстығы туралы шешім қабылданатын болады.