https://sputnik.kz/20230808/qazaqstanda-temirzhol-salasyndagy-birqatar-nysan-memleket-menshigine-qaytarylady-37361286.html
Қазақстанда теміржол саласындағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады
Қазақстанда теміржол саласындағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Теміржол саласындағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады. Оларды бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы мәміле сот... 08.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-08T16:35+0500
2023-08-08T16:35+0500
2023-08-08T16:35+0500
үкімет
теміржол
https://sputnik.kz/img/1107/22/11072259_0:82:1608:987_1920x0_80_0_0_47038ec0b9d4645137438e04d6afc3ab.jpg
АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Теміржол саласындағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады. Оларды бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы мәміле сот тарапынан жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.Үкіметте өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол инфрақұрылымының бірқатар нысанын мемлекет меншігіне қайтару барысы туралы баяндалды. сеніп Тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталғаны атап өтілді. Қылмыстық іс аясында тергеу органдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін "Қазақстан темір жолы" басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды.Премьер-министр республиканың басқа өңірінде ұқсас нысандар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырып, тиісті кәсіпорындар қызметкерлерінің барлық технологиялық процесі мен қызметін сақтаудың маңызын атап өтті.Сонымен қатар отырыста денсаулық сақтау саласындағы ұйымды республика меншігіне қайтару мәселесі қаралды.Алдын ала мәліметтер бойынша активті басқаруды өз мойнына алған жекеменшік компания ұзақ уақыт бойы өз функцияларын орындамай келген және келісілген инвестициялық бағдарламаның шарттарын бұзған.Ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның нәтижелері бойынша шартты бұзудың және активті мемлекет меншігіне қайтарудың дұрыстығы туралы шешім қабылданатын болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1107/22/11072259_93:0:1517:1068_1920x0_80_0_0_695ef960829220b672a272aa5a5aa1d0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, теміржол
АСТАНА, 8 тамыз — Sputnik. Теміржол саласындағы бірқатар нысан мемлекет меншігіне қайтарылады. Оларды бәсекеге қабілетті ортаға беру туралы мәміле сот тарапынан жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Үкіметте өткен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол инфрақұрылымының бірқатар нысанын мемлекет меншігіне қайтару барысы туралы баяндалды. сеніп Тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталғаны атап өтілді. Қылмыстық іс аясында тергеу органдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін "Қазақстан темір жолы" басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды.
Премьер-министр республиканың басқа өңірінде ұқсас нысандар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырып, тиісті кәсіпорындар қызметкерлерінің барлық технологиялық процесі мен қызметін сақтаудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар отырыста денсаулық сақтау саласындағы ұйымды республика меншігіне қайтару мәселесі қаралды.
Алдын ала мәліметтер бойынша активті басқаруды өз мойнына алған жекеменшік компания ұзақ уақыт бойы өз функцияларын орындамай келген және келісілген инвестициялық бағдарламаның шарттарын бұзған.
Ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның нәтижелері бойынша шартты бұзудың және активті мемлекет меншігіне қайтарудың дұрыстығы туралы шешім қабылданатын болады.