АСТАНА, 8 тамыз - Sputnik. Астанадағы мектеп ауласында 10 жастағы оқушының үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.
Алған жарақаттан бала көз жұмды.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай анықталуда.
"Астана қаласының Білім басқармасы оқушының ата-анасына қайғырып көңіл айтады",- делінген хабарламада.