Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған жасөспірім қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 16 маусым - Sputnik. Ақтау қаласында үстіне футбол қақпасы құлаған жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың қайтыс болғанын растады. Күні кеше ғана дәрігерлер жасөспірімнің жағдайы тым ауырлап кеткенін айтқан болатын.
Айта кетері, оқиға 20 мамырда болған. Ойнап жүргенде футбол қақпасының темірі құлап, басына зақым келтірген.
Науқасты дәрігерлер ауруханаға жатқызады. Ал 24 мамырда кешке баланың анасы ауруханаға келіп, баласы үйде емделетінін айтып, алып кеткен.
31 мамырда жасөспірім үйінде есінен танып, денесі құрысқан. Жедел жәрдем шақыртып, алғаш көмек көрсетілген соң Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер инсульт белгілері бар екенін анықтаған. Бала комаға түсті.
Жаңалықтар
0