АСТАНА, 7 тамыз - Sputnik. Үкімет үйінде Астана қаласын дамыту жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды министрліктер кабинетінің баспасөз қызметі.
Қала басшысы Жеңіс Қасымбек 3-ЖЭО-ның бірінші кезегінің және жалпы қуаты 1 130 Гкал болатын екі газ жылу станциясының құрылысы туралы айтып берді.
На заседании в правительстве обсудили вопросы развития Астаны
Астана әкімі Астананы дамытудың 2035 жылға дейінгі бас жоспарын, 2030 жылға дейінгі қайта жаңарту бағдарламасын және көгалдандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстары туралы баяндады.
Тоқаев Сәтпаев каналынан Астананың шетіне дейін жүретін жаңа су құбырын салуды тапсрған болатын.
Шаһар басшысының айтуынша, елордада сумен жабдықтау бойынша ұзындығы 44 шақырым су құбырының екінші желісін салу жұмыстары жүріп жатыр.
Сондай-ақ әкім Нұра жер асты суларынан жүретін арнайы құрылыстар кешенін, Тельман сорғы станциясын кеңейтуді, Қ. Сәтпаев каналынан жүретін жаңа су құбырының жобаларын және төртінші сорғы-сүзгі станциясын пысықтау жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
"Жоспарлардың орындалуы 2035 жылға дейін қажетті қорды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда қалада су тапшылығы жоқ",- делінген үкіметтің хабарламасында.
Көлік инфрақұрылымын дамытуға келетін болсақ, Қасымбек биыл автожолдарды салу және жөндеу, сондай-ақ Тәуелсіздік көпірін аяқтау бойынша 30 жоба іске асырылып жатқанын мәлімдеді.
"Алдағы уақытта Тәуелсіздік даңғылын Қабанбай батыр даңғылына дейін жалғастыру жұмыстарын бастау жоспарланып отыр, бұл сол жағалаудағы негізгі артериялардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті үкіметтегілер.
Қала басшысы Кенесары көшесінің бастапқы жағында екі көпір салу пысықталып жатқанын айтты. Олар Тұран даңғылы мен Айтматов көшесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар кеңесте елорда әкімі үлескерлердің мәселелерін шешу, ірі кәріз-тазарту құрылысын жобалау, LRT жобасын жүзеге асыру және басқа да бірқатар мәселені пысықтау туралы айтып берді.
Әлихан Смайылов республикалық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде Астананың басым жобаларын қаржыландыруды қарастыруды, сондай-ақ жыл соңына дейін елорда агломерациясын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеп, оны Үкіметке енгізуді тапсырды.