2025 жылға балалардың 70 проценті балабақшамен қамтылады

Sputnik
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы енгізіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева баяндады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады", - деді ол.
Жыл басынан бері елімізде 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Олардың 3-уі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша.
"Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге төмендеді. 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін тағы да 223 орын ашу жоспарланып отыр. Сол арқылы халықтың мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігінің 70 пайыздан астамын қамту жоспарлануда", - атап өтті Жұмаділдаева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын басты талап – санға емес, сапаға жұмыс істеу.
2023 жылы 20 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады, сондай-ақ 79 мектепке дейінгі ұйымда "Құзыреттілік орталықтары" тұрақты негізде жұмыс істейді.
Соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы да 30%-ға көтеріледі.
Тергеушілер ойына келгенін істеген тәрбиешінің ақыл-есінің дұрыстығына күмән келтірді