https://sputnik.kz/20230807/2025-zhylga-balalardyn-70-protsenti-balabaqshamen-qamtylady-37328159.html
2025 жылға балалардың 70 проценті балабақшамен қамтылады
2025 жылға балалардың 70 проценті балабақшамен қамтылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы енгізіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектепке... 07.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-07T21:49+0500
2023-08-07T21:49+0500
2023-08-07T21:49+0500
балабақша
https://sputnik.kz/img/12/84/128411_0:0:2592:1458_1920x0_80_0_0_8f5b3c00b7ea5922ca42783a2b776b38.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы енгізіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева баяндады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі."Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады", - деді ол.Жыл басынан бері елімізде 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Олардың 3-уі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша.Оның айтуынша, қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын басты талап – санға емес, сапаға жұмыс істеу.2023 жылы 20 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады, сондай-ақ 79 мектепке дейінгі ұйымда "Құзыреттілік орталықтары" тұрақты негізде жұмыс істейді.Соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы да 30%-ға көтеріледі.
https://sputnik.kz/20230318/balqashta-balabaqsha-tarbieshisi-oyyna-kelgenin-istegen-33045151.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/12/84/128411_134:0:2438:1728_1920x0_80_0_0_509529c16e768ea6d19faaccc9d3718e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша
2025 жылға балалардың 70 проценті балабақшамен қамтылады
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай базасы енгізіледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева баяндады, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
"Бұл қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді, деректердің бірыңғай тізілімін қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады", - деді ол.
Жыл басынан бері елімізде 29620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Олардың 3-уі мемлекеттік, 304-і жеке балабақша.
"Соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге төмендеді. 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін тағы да 223 орын ашу жоспарланып отыр. Сол арқылы халықтың мектепке дейінгі ұйымдарға деген қажеттілігінің 70 пайыздан астамын қамту жоспарлануда", - атап өтті Жұмаділдаева.
Оның айтуынша, қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қойылатын басты талап – санға емес, сапаға жұмыс істеу.
2023 жылы 20 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырады, сондай-ақ 79 мектепке дейінгі ұйымда "Құзыреттілік орталықтары" тұрақты негізде жұмыс істейді.
Соңғы төрт жылда тәрбиешілердің еңбекақысы кезең-кезеңімен 25%-ға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінде жалақы тағы да 30%-ға көтеріледі.