Шымкентте 18 жастағы қыз жоғалып кетті

Sputnik
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Шымкент полициясы 18 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
5 тамызда Шымкентқаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жоғалған қыздың ағасы хабарласқан. Оның айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайтып келмеген.
Шымкент қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызды іздеуге кірісті.
Аида – Долана-Бұлақ колледжінің 1 курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар.
Полиция жоғалған қызды көрген адамдар болса, 102 телефоны арқылы хабар беруді сұрайды.
Түркістан облысында тау басынан құлаған турист іздестіріліп жатыр