Шымкентте 18 жастағы қыз жоғалып кетті

© Photo : Polisia.kz18-летняя девушка пропала в Шымкенте - ее ищут
18-летняя девушка пропала в Шымкенте - ее ищут - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Шымкент полициясы 18 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
5 тамызда Шымкентқаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жоғалған қыздың ағасы хабарласқан. Оның айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайтып келмеген.
Шымкент қалалық полиция департаментінің барлық жеке құрамы қызды іздеуге кірісті.
Аида – Долана-Бұлақ колледжінің 1 курс студенті. Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар.
Полиция жоғалған қызды көрген адамдар болса, 102 телефоны арқылы хабар беруді сұрайды.
   архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2023
Түркістан облысында тау басынан құлаған турист іздестіріліп жатыр
Жаңалықтар
0