Бурабайда өрт шыққан қонақ үйден 106 адам эвакуацияланды

Sputnik
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Бурабайдағы қонақ үйлердіңбірінен өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін сағат 11:59-да Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Үш қабатты "Алматы" қонақ үйінің сервер бөлмесінен өрт шықты.
"Өрт сөндірушілер үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ", - дейді министрлік мамандары.
Өрт сағат 13:00-де толығымен өшірілді. Тілсіз жау төрт шаршы метрге шарпыды.
Жамбыл облысында өрт 300 гектарға жайылды