Жамбыл облысында өрт 300 гектарға жайылды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде өрт шықты.
"Аспара-Меркі орман шаруашылығы 3-4-ші ормандары аумағында таулы аумақта құрғақ шөп өртеніп жатыр. Орман шаруашылығының мәліметінше, өрт 300 гектарға жайылған", - дейді ведомство.
Күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып тұр. Абырой болғанда елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ және ешкім зардап шекпеген.
Жаңалықтар
0