АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Талдықорған қаласында мотоциклші орталық көшеде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция депаратменті.
Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 4 тамыздан 5тамызға қараған түні Назарбаев даңғылында болған. Мотоцикл тізгіндеген жігіт 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Honda CBR 600FA маркалы мотоциклді 32 жастағы ер адам тізгіндеген. Ол жолаушының рұқсат етілмеген жерден өткенін мәлімдеді.
"Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барын салғанымен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.