Өңірлер

Павлодар облысында мотоцикл мінген оқушылар жол апатына түсті

© Photo : christelsМотоцикл, архивтегі сурет
Мотоцикл, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Баянауылда жеңіл көлік жүргізушісі екі жасөспірім мінген мотоциклмен соқтығысты, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
12 қыркүйек сағат 18:00-де Баянауыл ауылында Toyota Camry V10 көлігінің 24 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережесін сақтамай, YAQI маркалы мотоциклмен соқтығысқан. Ал мотоцикл тізгінінде 14 жастағы жасөспірім отырған.
Жол апаты салдарынан 2008 жылы туған мотоцикл жүргізушісі мен 2009 жылы туған жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті.
Полицейлер көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізіліп жатыр.
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2022
Оқиға
Шуда болған жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды
Жаңалықтар
0