Спорт

Александр Винокуров әлем чемпионы атанды

Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз - Sputnik. Танымал қазақстандық велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров әлем біріншілігінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Astana Qazaqstan Team баспасөз қызметі.
Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында 50+ категориясы бойынша жарыста алтын медаль жеңіп алды.
Екінші орында — испандық Рауль Патино. Үздік үштікті Адриан Яш түйіндеді.
Александр Винокуров 50+ жас санатында алтын медаль жеңіп алды