Александр Винокуров 50+ жас санатында алтын медаль жеңіп алды

© Sputnik / Медиабанкке өтуАрхивное фото Александра Винокурова
Архивное фото Александра Винокурова - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан велосипед спорты федерациясы.
Спортшы 15 шақырым қашықтықта "жекелей" сында ең бірінші болып келді. Оның нәтижесі – 20 минут 6 секунд.
Сонымен қатар тағы екі жерлесіміз жеңімпаз тұғырынан көрінді.
Осы жас санатындағы Алексей Абраменко күміс жүлдеге ие болды, оның нәтижесі - 22 минут 25 секунд.
45- 49 жастағы masters арасында екінші орынды Вадим Ежаков алды, нәтижесі – 21 минут 46 секунд.
Айта кетейік, Александр Винокуров осы қашықтықта өз жасында ғана емес, сондай-ақ 35 жастан бастап барлық жас санатында ең жылдам уақытты көрсетті.
Жаңалықтар
0