Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімнің отбасына көмек көрсетіледі – облыс әкімі

Sputnik
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов оқушыны жабылып ұрғандарға қатысты тергеуді жеке бақылауына алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Байханов аппараттық жиналыста Павлодар қаласында оқушыны жабылып ұрып-соғу оқиғасы бойынша мәселені қозғады.
"Ата-ана ретінде мен бұған бей-жай қарай алмадым, сондықтан, полиция департаменті мен облыстың білім басқармасының басшылығына орын алған жағдайды тергеу барысымен мені хабардар етіп отыруды тапсырдым", - деп жазды Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ал жиналыстан кейін облыс басшысы күдіктілер мен зардап шеккен бала оқитын мектепке барып, педагогтармен сөйлесті. Мемлекеттік органдарға зардап шеккен баланың отбасына жан-жақты көмек көрсетуді де тапсырды.
"Мұндай фактілер біздің қоғамда үйреншікті жағдайға айналмауы керек. Ондай жағдайларды түбімен жою, балаларды мейірімділікке, адалдыққа және әділеттілікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз", - деп атап көрсетті Байханов.
Айта кетері, заң бойынша кәмелет жасқа толмаған баланың заңсыз әрекеті үшін ата-анасы жауап береді.
Еске сала кетейік, 24 шілде күні кешкі сағат 20:30-да Павлодар көшелерінің бірінде төбелес болған. Онда 14 жастағы жасөспірім зардап шекті, ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Өңірлер
Павлодарда оқушы соққыға жығылды: балалар құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алды