Өңірлер

Павлодарда оқушы соққыға жығылды: балалар құқығын қорғау комитеті жағдайды бақылауға алды

CC0 / pixabay.com / Молодой мужчина, иллюстративное фото
Молодой мужчина, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2023
Жазылу
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Павлодар қаласында 14 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу оқиғасына қатысты жағдайды балалардың құқықтарын қорғау комитеті толық бақылауға алды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қазір зардап шеккен оқушы ауруханада ем алып жатыр.
"Соққыға жығылған жасөспірімге алдағы уақытта жан-жақты көмек көрсетіледі. Тіркелген факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамдар жазасыз қалмауы керек", - делінген комитет хабарламасында.
Айта кетері, Павлодарда 14 жастағы жасөспірімді бірнеше адам жабылып ұрып-соққан. Оқушының екі қабырғасы сынып, бас пен арқасы жарақаттанған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.
Облыстық полицияның мәліметінше, төбелеске қатысқанның бәрі анықталған. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 107-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0