АСТАНА, 1 тамыз - Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстанда қандай тұрмыстық техникалар шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Алматы облысында Dauscher маркалы электр плиталар мен пештер шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр.
"Оған қоса, биыл Қарағанды облысы Саран қаласында теледидар, шаңсорғыш және кір жуатын машина сияқты тұрмыстық техника шығаратын жаңа зауыт іске қосылады", - деді Қарабаев үкіметтің бүгінгі отырысында.